Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Айнабұлақ спорттық-сауықтыру кешенінде комплаенс қызметі бойынша семинар өтті

2025 жылдың 27 маусымында «Айнабұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (№4 МБЖСМ) комплаенс қызметінің жұмысы бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында №4 МБЖСМ комплаенс офицері Дастан Ибраев мекемеде құрылған комплаенс қызметінің бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол комплаенс жүйесінің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, этикалық қағидаларды сақтау, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру және ашықтықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Дастан Ибраев өз баяндамасында комплаенс қызметінің негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, мекеме қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру, тәуекелдерді басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына комплаенс талаптарын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, комплаенс офицерінен нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл өз кезегінде комплаенс мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ ұжым ішінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Семинар соңында қатысушылар комплаенс қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын ерекше атап өтіп, осындай кездесулердің алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұруына мүдделілік танытты.

Қатысты посттар