Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Джиу-джитсу. Біздің спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

11-16 аралығында Тайланд астанасы Бангкок қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан 2025 жылғы Азия чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа 30 елден 900 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы қатарында құрлықтық жарысқа қатысқан «№4 МБЖСМ» спортшылары өздеріне артылған сенімді толығымен ақтап, ел құрамасының үздік атануына зор үлесін қосты. Жарыс нәтижесінде жаттықтырушылар Т.Утегул және С.Айтпанбет баптаған спортшыларымыз 5 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль иеленді. Құрлықтық додада топ жарған спортшыларымыз тамыз айында Бахрейнде өтетін Азия ойындарына, қараша айында Тайландта өтетін Әлем чемпионатына және Хорватияда өтетін Әлем кубогында қатысып, бақтарын сынайтын болады.
2025 жылғы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Абылай Айткали 14-15 жас 52кг🥇
Исмаил Талгат 12-13 жас🥇
Мурзагали Айлин 14-15жас 40кг🥇
Салимов Таймасс 14-15жас 62кг🥇
Абуханов Санжар 14-15жас 56кг🥇
Баймұхан Әмир 14-15жас 62кг🥈
Горбунова Натали 14-15жас 63+кг🥈
Асетулы МухаммадМамай 16-17жас 56кг🥈
Орумбаев Рафаэль 16-17жас 69кг🥈
Аблюқат Шыңғыс 14-15жас 44кг🥈
Салимова Малика 16-17жас 40кг🥈
Бахтиярұлы Абзал 12-13жас 40кг🥈
Олжатай Айбат 14-15жас 48кг🥉
Рамазанов Маргулан 12-13жас 62кг🥉
Абуханова Ғазиза 12-12жас 40кг🥉
Арманқызы Хадиджа 14-15жас 52кг🥉
Алдияр Уалихан 16-17жас 56кг🥉

Қатысты посттар