Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Еуропа чемпионатынан қос қола медаль әкелді

2025 жылғы 20-24 ақпан күндері Испания елінің Сабадель қаласында Кёкушин Будокай Каратэ спортынан Еуропаның ашық Чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа Еуропаның 15 елінен сонымен қатар, Латын Америкасынан (Чили, Коста-Рика), Азиядан (Жапония, Қазақстан), Мұхит елдерінен және Африкадан (Марокко, Гвинея) 400-ден астам будокай шебері қатысты. Сыңға түскен спортшылар қатарында «№4 МБЖСМ» каратэшілері өз дайындық деңгеймен көзге түсе білді. Асқан шеберлік пен табандылық танытқан спортшыларымыз Марк Зуев және Святослав Полибин чемпионаттың қола медаль иегерлері атанды. Спортшыларымыз бұл жарыстан үлкен тәжірибе алып, ағымдағы жылдың 29-30 қараша күндері Польшаның астанасы Варшава қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Чемпионат аясында спортшылардан бөлек жарыста төрелік еткен жаттықтырушыларымызда олжалы келді. Атап айтсақ, бапкер Константин Яковенко «Чемпионаттың ен тиімді төрешісі» атты арнайы сыйлығымен марапатталса, Эркинбек Ахмадалиев «Чемпионаттың үздік төрешісі» сыйлығымен марапатталды. Тағы бір бапкеріміз Михаил Лаврентьев алғашқы раундтардағы нокауттар бойынша үздік атанып, ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығына ие болды.

Қатысты посттар