Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Шинкиокушинкай каратэ. ҚР чемпионаты

21-23 ақпан күндері Ақтауда жасөспірімдер және жастар арасында шинкиокушинкай каратэның Кумитэ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 912 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. «№4 МБЖСМ» атынан сыңға түскен жаттықтырушы Алексей Леоновтың шәкірттері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтар болсақ, біздің спортшыларымыз 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль иеленіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.
Жүлделі орын алған спортшыларымыз:
Недавняя Яна 1 орын (12-13 жас) 50 кг дейін;
Кабылтай Алина 1 орын (16-21жас) 62,5 кг дейін;
Якубова Карина 1 орын (16-21жас) 57,5 кг дейін;
Азиева Исмира 2 орын (12-13 жас) 50 кг жоғары;
Бейсенов Махди 2 орын (16-21 жас) 77,5 кг дейін;
Мухан Ерасыл 3 орын (12-13 жас) 35 кг дейін;
Бакытбеккызы Аделина 3 орын (16-21 жас) 47,5 кг дейін.
Кабыланбай Зангар З орын (16-21 жас) 62,5 дейін;
Маметабдылдаев Алманбет 3 орын (16-21 жас) 70 кг дейін;
Федоров Богдан 3 орын (16-21 жас) 75 кг дейін;
Осы жарыс нәтижелері бойынша каратэнің шинкиокушинкай түрінен Қазақстан Республикасының құрама командасы жасақталып, алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.

Қатысты посттар