Олимпиадаға дейін:

Жазылу

«Өз-өзіне мемлекеттік қызмет көрсету бұрыштары» ашылды

«Өз-өзіне мемлекеттік қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.
«№4 МБЖСМ» қарасты «Айнабұлақ» спорт кешенінде және орталық стадионда орналасқан мектеп кеңсесінде «Өз-өзіне мемлекеттік қызмет көрсету бұрыштары» іске қосылды. Енді мектеп қызметкерлері, спортшылар және жақын жерде тұратын аудан тұрғындарында ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі пайда болды. Аталған бұрыштардың ашылуына байланысты мектеп басшылығы семинар ұйымдастырып, семинарға ХҚКО қызметкерлерін шақырды. Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы атынан жиынға қатысқан орталықтың жетекші маманы Махмуд Касымов мектеп қызметкерлеріне спорт саласына қатысты мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіріп, жиналған мамандардың сұрақтарына толық әрі түсінікті нұсқаулар берді. Заман талабына сай әр сала өз қызметінің халыққа тиімді жағын жетілдіріп, қол жетімді ету мақсатында өткізілетін бұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қатысты посттар