Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Муайтай. Алматы қаласының чемпионаты

2025 жылғы қаңтардың 31-і мен ақпанның 2-і аралығында «Елюхан» спорт кешенінде балалар, жасөспірімдер және жастар арасында муайтайдан Алматы қаласының чемпионаты өтті. Алматы қаласының құрама командасына спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 200-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Тартысты өткен жекпе-жектердің нәтижесінде «№4 МБЖСМ» спортшылары 45 бірінші орын, 33 екінші орын және 24 үшінші орын иегерлері атанды. Бұл жарыстың жеңімпаздары 17-22 наурыз аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

Қатысты посттар