2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Бахрейннің Манама қаласында өтуде.
Бұл беделді халықаралық додада №4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, алғашқы жарыс күнінде-ақ Қазақстан қоржынына екі жүлде салды!

Уалихан Алдияр — Күміс жүлдегер!
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Уәлихан Алдияр финалдық кезеңге дейін сенімді өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Шешуші сында БАӘ өкілі Убайд Алкетбимен кездесіп, аз ғана айырмашылықпен жеңіліп, Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Бұл нәтиже – Алдиярдың жоғары шеберлігінің, рухының және дайындық деңгейінің айқын дәлелі.

Мұхаммед-Мамай Асетұлы — Қола жүлдегер!
Осы салмақ дәрежесінде бақ сынаған тағы бір спортшымыз Мұхаммед-Мамай Асетұлы да тамаша өнер көрсетті.
Қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде ол Оңтүстік Корея спортшысы До Ен Лиді айқын басымдықпен жеңіп, қола медаль иегері атанды.
Бұл жеңіс – оның табандылығы мен шеберлігінің жемісі. 💪
🏆 Біздің мақтаныштарымыз!
Аталған жетістіктер – жас спортшылардың күнделікті еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби даярлығының нәтижесі.

