Олимпиадаға дейін:

Жазылу

Олимпиядалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубында комплаенс қызметі бойынша семинар өтті

Желтоқсан айының 29 күні Олимпиядалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубында комплаенс қызметінің жұмысына арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұжымға 2025 жылы комплаенс бағытында атқарылған жұмыстарды таныстыру, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндіру болды.

Семинар барысында клуб басшылығы комплаенс қызметінің негізгі міндеттері, ішкі бақылау тетіктері, қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтау талаптары және ұйым қызметіндегі тәуекелдерді төмендету жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, комплаенс саясаты аясында қабылданған ішкі құжаттар, өтініштер мен хабарламаларды қарау тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен жауапкершілігі түсіндірілді.

Іс-шараға қатысқан ұжым мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, комплаенс талаптарын тәжірибеде қолдану бойынша нақты мысалдармен танысты. Мұндай семинарлар ұйым ішінде ашықтықты арттыруға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеруге және тиімді басқару мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Аталған семинар клуб қызметінде заңдылықты, әділдікті және жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Қатысты посттар