Алматы қаласында кітап оқуды қолжетімді ету мақсатында 24 заманауи кітап беру автоматтары орнатылды. Бұл автоматтар арқылы тұрғындар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ, кітаптарды жақын жерден таңдап ала алады. Автоматты кітап сөрелері келесі орындарда орналасқан: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов», «Алатау», «Сайран» және «Мәскеу» метро станциялары, Медеу және Әуезов аудандарының Халыққа қызмет көзрсету орталықтары, «Спутник», «Атакент», «Азия парк» сауда орталықтары, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтары және «Sail» коворкинг орталығы. Егер сізде оқырман билеті болмаған жағдайда, ол билетті «Қала оқырмандары клубына» тіркелу арқылы ала аласыз. Сонымен қатар, «Алматы кітапханалары» жүйесінің 28 филиалының біріне барып, оқырман билетін рәсімдеуге болады, олардың үшеуі тәулік бойы қызмет көрсетеді.
