26 қаңтар күні “Айнабұлақ” спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер арасында каратэ годзюрюдың ката және кобудо бағдарламалары бойынша Алматы қаласының чемпионаты өтті. Қаламыздың барлық аудандарынан 200 астам спортшыны жинаған жарыста «№4 МБЖСМ» каратешілері нағыз дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл жарыс Алматы қаласының құрама командасына іріктеудің бірінші кезеңі болып табылады. Іріктеудің екінші кезеңі 23 ақпан күні шобу-кумитэ, дзю-кумитэ және го-кумитэ бағдарламалары бойынша өтетін болады. Ол додадан топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне білген спортшылар Алматы қаласының құрама командасы қатарына қосылып, биылғы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Жарыс нәтижелерін ұсынамыз:
8-9 жас (ұлдар)
1. Шин Давид (№4 МБЖСМ).
2. Мурат Ерсин («Ақбарыс» СК).
3. Кусаинов Демир («Сұнқар» СК).
8-9 жас (қыздар)
1. Жабай Жансель («Сардар» СК).
2. Айтбай Айша (№4 МБЖСМ).
3. Тоқтарова Айша («Ақбарыс» СК).
10-11 жас (ұлдар).
1. Аубакир Аслан (№4 МБЖСМ).
2. Сұлтанбеков Батырхан (№4 МБЖСМ).
3. Сабырханов Динмухамед (№4 МБЖСМ).
12-13 жас (ұлдар).
1. Айгужин Карим (№4 МБЖСМ).
2. Болатбек Амир («Сұлтан» СК).
3. Аманұлы Мерали (№4 МБЖСМ).
14-15 жас (ұлдар).
1. Тоғызбай Алихан (№4 МБЖСМ).
2. Сакенов Ержан («Сұлтан» СК).
3. Дүйсенбай Ержан («Сұнқар» СК).
14-15 жас (қыздар).
1.Тлеубаева Еркенур (№4 МБЖСМ).
2.Кадир Аруна (№4 МБЖСМ).
3.Адильжан Жанель («Сардар» СК).


