Before the Olympics:

Самбо. Алматы қаласының чемпионаты

Ақпанның 15-16 күндері Орталық Армия спорт клубында спорттық самбодан 2005-2006 ж.т. жастар арасында Алматы қаласының чемпионаты өтті. Айтулы додаға қаламыздың барлық аудандарынан 170 спортшы қатысып, шеберліктерін сынады. «№4 МБЖСМ» атынан сынға түскен бапкерлер С.Сағатбеков және А. Өтебек шәкірттері 5 алтын және 4 күміс медальға қол жеткізіп, командалық есепте топ жарды. Бұл жарыста жоғары деңгейде өнер көрсеткен спортшыларымыз, Алматы қаласының құрама командасы қатарында Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыз:
Жақсыбек Анель 50 кг 1 орын;
Акылбеккызы Балжан 50 кг 2 орын;
Кызайбай Айханым 54 кг 1 орын;
Кенжебек Жанибек 58 кг 2 орын;
Тургонбаева Арухан 65 кг 2 орын;
Сеним Санжар 64 кг 1 орын;
Зулхаидаров Диер-53 кг 1 орын;
Ынтымак Султан 71 кг 2 орын;
Жумабек Марлан 71 кг 1 орын.

Related posts