Before the Olympics:

№4 МБЖСМ – Азия чемпионатында топ жарып, командалық есепте 1-орын иеленді!

📍 Малайзия астанасы Манила қаласында каратэнің кекушин будокай бағыты бойынша IV Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Азия мен Мұхит аралдарынан 22 елдің құрамынан 428 спортшы қатысты, сонымен қатар Ресей мен Испанияның да спортшылары болды.

🇰🇿 Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынға ие болды! Бұл жетістікке Алматы қаласының №4 МБЖСМ спортшылары үлкен үлес қосты.

🏆 №4 МБЖСМ қорытынды нәтижесі:
🔸 23 алтын медаль
🔸 7 күміс медаль
🔸 3 қола медаль

✨ Чемпионаттың үздік спортшысы атағын Харитонова София иеленіп, қос бірдей алтын жүлдені жеңіп алды (кумитэ және ката).
👨‍🏫 Жеке бапкері – сенсей Михаил Лаврентьев, №4 МБЖСМ Кёкушин Будокай бөлімінің жаттықтырушысы.

🎖 Арнайы марапаттар:
🔹 Ахмадалиев Эркинбек Абдурахимович – Азия чемпионатының ең үздік рефериі ретінде марапатталды
🔹 Яковенко Константин Иванович – ең үздік қазы атағына ие болды

👏 Барша спортшыларымызды, жаттықтырушыларымызды және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен еліміздегі каратэ спортының даму деңгейінің айқын көрінісі.

Похожие зазписи