Before the Olympics:

4 МБЖСМ спортшылары әлем чемпионатында қос жүлде ұтып алды.

Германияның Лейпциг қаласында каратэнің киокушинкай-кан түрінен өткен әлем чемпионатына 37 елден 870 спортшы қатысты. Бұл байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған 4 МБЖСМ спортшылары керемет нәтиже көрсетті!

Жаттықтырушы Алмаз Омарғали баптаған Христиан Гамбург өз салмақ дәрежесінде қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын медаль иеленді!
Ал Темірлан Балтабай тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды!

Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістерің көп болсын!

Похожие зазписи