Мектеп туралы
Алматы қаласы Спорт басқармасының «№4 мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. (№4 МБЖСМ) Мектеп Алматы қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 наурыздағы №1/140 бұйрығымен құрылды.
«№4 МБЖСМ» МКҚК оқу-жаттығу процесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру қағидаларының регламенті» талаптарына сәйкес ұйымдастырылып келеді.
Алматы қаласының №4 Мамандарылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (№4 МБЖСМ) қала жастары арасында түрлі спорт түрлерін дамыту және олардың танымалдылығын арттыру мақсатында ашылды. Мектепте негізгі назар спорттың жекпе-жек түрлеріне бөлінеді. Мектепте ушу-саньда, самбо, джиу-джитсу, каратэның бірнеше стилі, муайтай, кикбоксинг сияқты жекпе-жектің 15 түрі бойынша жаттығулар өтуде. Сонымен қатар, спорт мектебінде волейбол, армрестлинг және гір спорты дамып келеді. Спорт мектебінің барлық бөлімдері жаттығуларды ақысыз өткізеді. №4 МБЖСМ негізгі міндеті оқушылар арасында дене-шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын іске асыру, олардың денсаулығын арттыру, физикалық тұрғыда жан-жақты дамыту; спорттық резервті, аудан, қала, Республика құрама командаларына үміткерлерді және жоғары дәрежелі спортшылар дайындау, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуге әлеуетті спортшыларды тәрбиелеу. 2024 жылы түрлі спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрамаларына 126 спортшы дайындалды. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 75 %-ға артып отыр.
Бізге хабарласыңыз
Мектеп туралы сұрақтарыңыз болса, өтінім қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз
Сонымен қатар, 2024 жылы спорт мектебінің спортшылары түрлі жарыстарда 946 медаль иеленді, оның ішінде алтын – 392 медаль, күміс – 254 медаль, қола – 300 медаль.
Әлем чемпионаттары – 64 медаль (22 – алтын, 21 – күміс, 21 — қола).
Әлем және Азия кубогтары – 43 медаль (22 – алтын, 8 – күміс, 13 – қола).
Азия және Европа чемпионаттары – 123 медаль (59 – алтын, 20 – күміс, 44 – қола).
ҚР чемпионаттары – 400 медаль (181 – алтын, 105 – күміс, 114 – қола).
Халықаралық турнирлер — 62 медаль (28 – алтын, 18 – күміс, 16 – қола).
Республикалық турнирлер және ҚР кубоктары – 254 медаль (80 – алтын, 82 – күміс, 92 – қола).
2022 жылы спорт мектебі базасында «Айнабұлақ» спорт кешені ашылды. Спорт кешенінде спорт түрлерінен өткізілетін жаттығулардан бөлек жүйелі түрде қала чемпионаттары, республикалық турнирлермен спартакиадалар сияқты спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Тек 2024 жылдың өзінде «Айнабұлақ» спорт кешенінде қалалық және республикалық деңгейдегі 35 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараларға 12 мыңнан астам жас спортшы қатысты. Спорттық жаттығулармен жарыстардан бөлек спорт кешенінде қала әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлының тапсырмасы бойынша Жетісу ауданының тұрғындарына арналған сауықтыру топтары ұйымдастырылған. Ол топтарға ушу-таолу, йога, тоғызқұмалақ және волейбол спорт түрлеріне 120 астам аудан тұрғыны қатысады. Сонымен қатар №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Айнабұлақ» спорт кешенінен бөлек қаламыздың 26 спорт нысандарында жаттығулар өткізеді.


Байланыс мәліметтері:
Алматы қ., Қ.Сәтбаев к. 29/3
+7 727 292 13 50
+7 (708) 009-7383
dyush-4@mail.ru
Өтінім қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз