Before the Olympics:

№4 МБЖСМ-де комплаенс қызметінің жұмысы бойынша семинар өтті

2025 жылғы 22 мамырда №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (4 МБЖСМ) комплаенс қызметінің жұмысына арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға спорт мектебінің аға жаттықтырушылары және әдістемелік бөлім мамандары қатысты.

Семинар барысында 4 МБЖСМ комплаенс офицері Дастан Ибраев қатысушыларға мекемеде құрылған комплаенс қызметінің бүгінгі күнге дейінгі қызметі туралы кеңінен ақпарат берді. Ол комплаенс жүйесінің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, этикалық нормаларды сақтау, ішкі бақылауды күшейту және ашықтықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Д.Ибраев өз сөзінде комплаенс қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және тәуекелдерді басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына комплаенс талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді және ашық диалог форматында туындаған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Іс-шара комплаенс мәдениетін қалыптастыруға және ұжым ішінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды. Семинар соңында қатысушылар комплаенс қызметінің жұмысының маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулердің тұрақты өткізіліп тұруы қажеттігін білдірді.

Похожие зазписи