Before the Olympics:

Чемпиондар шеберханасы: №4 МБЖСМ халықаралық аренада үздік шықты

№4 МБЖСМ спортшылары – Әлем чемпионатында үздіктер қатарында!

2025 жылдың 15–17 қыркүйек күндері Ақтау қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында жекпе-жек (қоян-қолтық ұрыс) спортынан Әлем чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додада дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар бақ сынасты.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғап, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

🥇 Жүлдегерлер тізімі:

👦 14–15 жас аралығы:

  • 🥉 Юлдашжанов Арафат (41 кг) – қола жүлде
  • 🥉 Завершинский Савелий (73 кг) – қола жүлде

👦 16–17 жас аралығы:

  • 🥇 Нурамбеков Наиль (52 кг) – алтын жүлде
  • 🥇 Онбосын Динмухамед (67 кг) – алтын жүлде
  • 🥇 Рысбек Фархат (+80 кг) – алтын жүлде

👩‍🦰 18–23 жас аралығы:

  • 🥈 Юлдашева Юлтуз (58 кг) – күміс жүлде
  • 🥇 Искандеров Аслан (80 кг) – алтын жүлде

Бұл жеңістер – спортшыларымыздың тынымсыз еңбегі мен бапкерлердің кәсіби шеберлігінің жемісі. Әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға алғыс білдіреміз!

🔥 СДЮСШОР №4 – чемпиондар ұстаханасы!
Біз жас спортшыларымызға мақтанышпен қарап, алдағы жарыстарда да тек жеңіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Похожие зазписи