Жас спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғасуда.
№4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (МБЖСМ) джиу-джитсу бөлімінің спортшысы Рафаэль Орумбаев ІІІ Жастар Азия ойындарында (Бахрейн, Манама қ.) 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Ойындардың алғашқы кезеңдерінен-ақ Рафаэль жоғары дайындық пен айқын басымдық танытты. Ол өз жолында Тәжікстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибелі спортшыларын сенімді жеңіп, финалға жолдама алды.
Финалдық жекпе-жекте қырғызстандық Рамазан Тиангубермен кездескен Рафаэль негізгі уақытта 2:2 есебімен тең түсіп, тартысты өткен қосымша раундта небәрі бір ұпай айырмасымен қарсыласына есе жіберді.
Бұл кездесуде біздің спортшы техникалық шеберлікпен қатар, ерік-жігер мен табандылықтың нағыз үлгісін көрсетті.





