Перед Олимпиадой:

Подписаться

Годзурю. Чемпионат города Алматы

26 қаңтар күні “Айнабұлақ” спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер арасында каратэ годзюрюдың ката және кобудо бағдарламалары бойынша Алматы қаласының чемпионаты өтті.  Қаламыздың барлық аудандарынан 200 астам спортшыны жинаған жарыста «№4 МБЖСМ» каратешілері нағыз дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл жарыс Алматы қаласының құрама командасына іріктеудің бірінші кезеңі болып табылады. Іріктеудің екінші кезеңі 23 ақпан күні шобу-кумитэ, дзю-кумитэ және го-кумитэ бағдарламалары бойынша өтетін болады. Ол додадан топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне білген спортшылар Алматы қаласының құрама командасы қатарына қосылып, биылғы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Жарыс нәтижелерін ұсынамыз:

8-9 жас (ұлдар)

1. Шин Давид (№4 МБЖСМ).

2. Мурат Ерсин («Ақбарыс» СК).

3. Кусаинов Демир («Сұнқар» СК).

8-9 жас (қыздар)

1. Жабай Жансель («Сардар» СК).

2. Айтбай Айша (№4 МБЖСМ).

3. Тоқтарова Айша («Ақбарыс» СК).

10-11 жас (ұлдар).

1. Аубакир Аслан (№4 МБЖСМ).

2. Сұлтанбеков Батырхан (№4 МБЖСМ).

3. Сабырханов Динмухамед (№4 МБЖСМ).

12-13 жас (ұлдар).

1. Айгужин Карим (№4 МБЖСМ).

2. Болатбек Амир («Сұлтан» СК).

3. Аманұлы Мерали (№4 МБЖСМ).

14-15 жас (ұлдар).

1. Тоғызбай Алихан (№4 МБЖСМ).

2. Сакенов Ержан («Сұлтан» СК).

3. Дүйсенбай Ержан («Сұнқар» СК).

14-15 жас (қыздар).

1.Тлеубаева Еркенур (№4 МБЖСМ).

2.Кадир Аруна (№4 МБЖСМ).

3.Адильжан Жанель («Сардар» СК).

Похожие зазписи