Клуб туралы
Алматы қаласы Спорт басқармасының «Олимпиядалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (ОБСТСК). Клуб Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 4/745 қаулысымен құрылды.
«Олимпиядалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубы» МКҚК-де оқу-жаттығу процесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру қағидаларының регламенті» талаптарына сәйкес ұйымдастырылып келеді.
Алматы қаласының Олимпиядалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубы (ОБСТСК) қала жастары арасында түрлі спорт түрлерін дамыту және олардың танымалдылығын арттыру мақсатында ашылды. Клубта негізгі назар спорттың жекпе-жек түрлеріне бөлінеді. Клубта ушу-саньда, самбо, джиу-джитсу, каратэның бірнеше стилі, муайтай, кикбоксинг сияқты жекпе-жектің 15 түрі бойынша жаттығулар өтуде. Сонымен қатар, спорт мектебінде волейбол, армрестлинг және гір спорты дамып келеді. Спорт мектебінің барлық бөлімдері жаттығуларды ақысыз өткізеді. ОБСТСК негізгі міндеті оқушылар арасында дене-шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын іске асыру, олардың денсаулығын арттыру, физикалық тұрғыда жан-жақты дамыту; спорттық резервті, аудан, қала, Республика құрама командаларына үміткерлерді және жоғары дәрежелі спортшылар дайындау, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуге әлеуетті спортшыларды тәрбиелеу. 2024 жылы түрлі спорт түрлерінен ҚР ұлттық құрамаларына 126 спортшы дайындалды. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 75 %-ға артып отыр.
Сонымен қатар, 2024 жылы спорт мектебінің спортшылары түрлі жарыстарда 946 медаль иеленді, оның ішінде алтын – 392 медаль, күміс – 254 медаль, қола – 300 медаль.
Чемпионаты мира – 64 медали (22 золотые, 21 серебряная, 21 бронзовая).
Кубки мира и Азии — 43 медали (22 золотые, 8 серебряных, 13 бронзовых).
Чемпионаты Азии и Европы - 123 медали (59 золотых, 20 серебряных, 44 бронзовых).
Чемпионат РК - 400 медалей (181 - золотая, 105 - серебряная, 114 - бронзовая).
Халықаралық турнирлер — 62 медаль (28 – алтын, 18 – күміс, 16 – қола).
Республиканские турниры и кубки РК - 254 медали (80 - золотых, 82 - серебряных, 92 - бронзовых).
2022 жылы спорт мектебі базасында «Айнабұлақ» спорт кешені ашылды. Спорт кешенінде спорт түрлерінен өткізілетін жаттығулардан бөлек жүйелі түрде қала чемпионаттары, республикалық турнирлермен спартакиадалар сияқты спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Тек 2024 жылдың өзінде «Айнабұлақ» спорт кешенінде қалалық және республикалық деңгейдегі 35 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараларға 12 мыңнан астам жас спортшы қатысты. Спорттық жаттығулармен жарыстардан бөлек спорт кешенінде қала әкімінің тапсырмасы бойынша Жетісу ауданының тұрғындарына арналған сауықтыру топтары ұйымдастырылған. Ол топтарға ушу-таолу, йога, тоғызқұмалақ және волейбол спорт түрлеріне 120 астам аудан тұрғыны қатысады. Сонымен қатар №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Айнабұлақ» спорт кешенінен бөлек қаламыздың 48 спорт нысандарында жаттығулар өткізеді.


Контактная информация:
г.Алматы, ул. К.Сатпаева 29/3
+7 727 292 13 50
+7 (708) 009-7383
dyush-4@mail.ru
Оставьте заявку и мы свяжемся с вами.
