Перед Олимпиадой:

Подписаться

Тренеры МБЗСМ №4 приняли участие в антинаркотической акции

Ақпанның 7 жұлдызында ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №12 мекемесінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған кездесу өтті. Сотталған азаматтар алдында Алматы облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің ардагерлері, Әділет министрлігінің өкілдері, психолог мамандары және танымал спортшылар қатысып өз ойларын ортаға салды. №4 МБЖСМ атынан жиынға джиу-джитсудан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, жоғары санаттағы жаттықтырушы Тлеумбетов Қанат Магауияұлы қатысып, сотталғандарға нашақорлықтың зияны және соңғы кезде белең алған әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылатын есірткі бизнесінің қауіпі туралы ауқымды баяндама жасады. Қазіргі таңда есірткіні тұтынатын жастардан, есірткіні сатумен айналысатын жастардың саны көбейгені белгілі. Олар ақша табу үшін осындай жолға түседі. Бірақ бұл қателіктері үшін заң алдында жауап беретінін ескеру керектігі туралы ойларын айта келе, осындай іс-шараларды өткізудін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Похожие зазписи