2025 жылғы ақпан айының 11 — 14 күндері аралығында Павлодар қаласында Кикбоксингтен 2007-2008 ж.т. жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Республикалық деңгейде өткізілген жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 474 спортшы қатысып, шеберліктерін көрсетті. Алматы қаласы құрамасының қатарында турнирге қатысқан «№4 МБЖСМ» спортшылары жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтар болсақ, біздің шәкірттеріміз 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға қол жеткізіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыздың тізімі:
Ким Алан – 1 орын;
Алимжанов Ниджат – 1 орын;
Бикмиева Афинула – 1 орны;
Никифоров Виктор – 2 орын;
Саржанов Ерсайын – 2 орын;
Бейсенбек Дінмұхаммед – 2 орын;
Юсупова Диана – 3 орын;
Бекпулат Жомарт – 3 орын.
