Перед Олимпиадой:

Подписаться

Определены лучшие кикбоксеры Алматы

22-23 ақпан күндері «Айнабұлақ» спорт кешенінде 2007-2008 жж. жастар және 2009-2010 жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Алматы қаласының чемпионаты өтті. Кикбоксингтің фул контакт және лоу кик бағыттары бойынша өткізілген бұл жарысқа қаламыздың барлық кикбоксинг клубтарынан 72 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде «№4 МБЖСМ» спортшылары 21 алтын медаль, 5 күміс және 2 қола медаль иемденіп, үздік көрсеткішке қол жеткізді. Жарыс жеңімпаздары Алматы құрама командасының қатарына қосылып, алдағы уақытта қаламыздың намысын ел чемпионатында қорғайтын болады.

Похожие зазписи