2025 жылғы 18-20 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде пенчак силат спортынан жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды додада еліміздің 16 өңірі мен республикалық маңызы бар қалалардан келген 600-ге жуық спортшы бақ сынады.
Чемпионаттың басты мақсаты – елімізде пенчак силат спортын дамыту, талантты спортшыларды анықтау және ұлттық құрама командасын жасақтау болды. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебіне айналып, олардың спорттық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Аталған чемпионатқа №4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (МБЖСМ) спортшылары да қатысып, Алматы қаласының намысын қорғады. Жерлестеріміз жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз 23 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль иеленіп, командалық есепте үздіктер қатарынан көрінді.
№4 МБЖСМ бапкерлерінің айтуынша, бұл жетістік – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің жемісі. Жас спортшыларымыздың жеңісі оларды болашақта халықаралық додаларда да табысты өнер көрсетуге ынталандырары сөзсіз.
Чемпионат соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар мен дипломдар табысталды. Мұндай спорттық іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып, ел намысын абыроймен қорғауға тәрбиелейді.
Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыз:
2014-15 ж.т. балалар
- Зиаудинов Самир 26кг – 1 орын;
- Шереметов Игнат 32кг – 1 орын;
- Салихов Алан 36кг – 1 орын;
- Идакаева Альфира 36кг – 1 орын;
- Габченко Артём, 38кг – 1 орын;
- Каримов дамир 46кг – 1 орын;
- Серик Мансур 48кг – 1 орын;
- Толеген Саалим 50кг – 1 орын;
- Кудакулов Шахназар 54кг – 1 орын;
- Иванов Милана 34кг – 1 орын;
- Ким Дарина 28кг – 1 орын;
- Байболатова Данеля 46кг – 1 орын;
- Жанабай Нурали 30кг – 2 орын;
- Мансур Амир 28кг. 3 место.
- Байрамов Вюсал 34кг – 3 орын;
- Марат Радмир 34кг – 3 орын;
- Заман Омар 36кг– 3 орын.
2012 – 2013 ж.т. жасөспірімдер
- Тохтабакиев Шахрияр 30кг – 1 орын;
- Жанабай Алихан 33кг – 1 орын;
- Кожаева Михриниса 38кг – 1 орын;
- Турсунжанов Амир 42кг – 1 орын;
- Масимов Зульяр 57кг – 1 орын;
- Серик Кәусар 72кг – 1 орын;
- Каният Кайнар 78кг – 1 орын;
- Гойколов Артём 30 кг. – 2 орын;
- Крыкбаев Ернур 39кг. – 2 орын;
- Саяхмет Санжар 42кг. – 2 орын.
2007-2008 ж.т. жастар
- Аблагатов Алижан 70кг – 1 орын;
- Тохтамова Анель 45кг – 1 орын;
- Абдурахим Анель 50кг – 1 орын;
- Турсунова Имина 55кг – 1 орын;
- Турсунов Давит 45кг – 2 орын;





