Перед Олимпиадой:

Подписаться

Универсальный бой. Чемпионат города Алматы

«Айнабұлақ» спорт кешенінде  Унифайт (Unifight) спортынан жастармен жасөспірімдер арасында Алматы қаласының чемпионаты мәресіне жетті. 31-ші қаңтардан 2-ші ақпанға дейін созылған додаға қаламыздың 7 спорт клубынан 150 жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Ахтем Халилов, Сұлтан Махмутов, Кудрят Таиров және Бахтияр Мирзаевтан тұратын бапкерлер құрамы дайындаған «№4 МБЖСМ» спортшылары 11 алтын, 8 күміс, 6 қола жүлдені қоржынға салып, командалық есепте үздік атанды.  

Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыз:

Якупов Джалалидин – 1 орын.

Умарбаев Сухраб – 1 орын.

Ташметов Тамирлан – 1 орын.

Айтахунов Юсуфжан – 1 орын.

Ниязов Хазрат – 1 орын.

Середин Дионисей – 1 орын.

Дуйсенбай Дияс – 1 орын.

Ниязов Назым – 1 орын.

Сеитова Ясмина – 1 орын.

Багдарали Нурзада – 1 орын.

Талипов Тимур – 1 орын.

Ахлединов Абдульхашим – 2орын.

Абдимажит Инаят – 2орын.

Якупов Султан – 2орын.

Усманов Рамзан – 2орын.

Нурсултанов Харзатали – 2орын.

Махмутова Жасмин – 2орын.

Адилов Илхам – 2орын.

Абдулаев Арафат – 2орын.

Нуридинов Хамид – 3 орын.

Талипов Юсуфжан – 3 орын.

Турсунова Самира – 3 орын.

Тохтахунов Халил – 3 орын.

Талипов Имран – 3 орын.

Имиров Муслим – 3 орын.

Осы жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған спортшылар Алматы қаласының құрама командасы сапына еніп, ағымдағы жылы Алматы төрінде өтетін Қазақстан Респубикасы чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Ел чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанғандары шілде айында Қырғызстан Республикасында өтетін Азия чемпионатында және қараша айында Ресей Федерациясында өтетін әлем біріншілігінде бақтарын сынайтын болады.

Похожие зазписи