Before the Olympics:

Ел үмітін ақтаған жас батырлар!

№4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Муайтайдан Әлем чемпионатында жарқырады! 🥊🏆

2025 жылдың 10–20 қыркүйек аралығында БАӘ, Әбу-Даби қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында Муайтайдан Әлем чемпионаты өтті. Бұл халықаралық додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынасты.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатты.

🏅 Жүлдегерлер тізімі:

🔹 Нариманов Бахтияр (16–17 жас) – 🥉 қола жүлде
🔹 Серғазы Абылайхан (14–15 жас) – 🥈 күміс жүлде
🔹 Батырбек Елжан (14–15 жас) – 🥉 қола жүлде
🔹 Сердаш Ескендыр (10–11 жас) – 🥇 алтын жүлде


Бұл – спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен бапкерлердің жүйелі дайындығының нәтижесі. Әлемдік ареналарда ел намысын лайықты деңгейде қорғаған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

💪 Бұл жеңіс – табандылықтың, жігердің және отансүйгіштіктің нақты көрінісі.

📌 Спорт мектебіміз жасөспірімдерді тек спортта ғана емес, елге қызмет ететін нағыз тұлға ретінде тәрбиелеуді басты мақсат етеді. Біз болашақ чемпиондарға сенеміз және оларды мақтан тұтамыз!

Похожие зазписи