Олимпиадаға дейін:

Жазылу

2026 жылғы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтаманың орналастырылғаны туралы ақпарат

«Олимпиадалық емес және бұқаралық спорт түрлері спорт клубы» МКҚК-де 2026 жылға арналған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторларды анықтау және олардың алдын алу, сондай-ақ оларды төмендету және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама дайындалып, онда талдаудың негізгі бағыттары, анықталған тәуекелдер, сондай-ақ клубтың ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетілді.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау — мекеме қызметіндегі ашықтықты, айқындықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды тетігі.

2026 жылғы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтамамен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Қатысты посттар