2025 жылғы 17–20 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өткен Азия ойындарында еліміздің намысын қорғаған №4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Азизова Алиям ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол пенчак-силат спорт түрі бойынша 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды! 🥉
Бұл — Алиямның тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушылардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі. 💪
Азия деңгейіндегі додада үздік спортшылармен сайысқа түсіп, жүлдегер атану – жас спортшы үшін үлкен тәжірибе мен шабыт көзі болды.
📸 Азизова Алиям – пенчак-силат спортымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол халықаралық және республикалық жарыстарда тұрақты түрде жүлделі орындар иеленіп, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр.
Біздің мектебіміз үшін бұл — зор мақтаныш! 🌟
Осындай табыстар жас спортшыларымыздың әлеуетін, еліміздегі спорт саласына жасалып жатқан қолдаудың нәтижесін көрсетеді.
👏 Құттықтаймыз, Алиям!
Жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыра бер! 🇰🇿
Сенің жетістігің – мектеп ұжымы мен жас спортшыларға үлкен мотивация!


