
2025 жылдың 24-30 қыркүйек аралығында Үндістанның көрікті Кашмир қаласында жастар арасындағы Пенчак Силат спортынан Азия чемпионаты өтті! Құрлықтық додаға Азияның 12 мемлекетінен 500 астам спортшы қатысты. 🌍🥋
Қазақстан құрамасы сапында бақ сынаған 4 МБЖСМ (мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) спортшылары керемет нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді:
🥈 Элинур Семятова — Күміс жүлде иегері!
🥈 Рамзат Садыкжанов — Күміс жүлде иегері!
🥉 Алиям Азизова — Қола жүлде иегері!
🥉 Турсун Халмурат — Қола жүлде иегері!
🥉 Низамдин Имиров — Қола жүлде иегері!
💪 Бұл – талмай еңбек еткен жаттықтырушылар мен спортшылардың жемісі! Еліміздің намысын қорғаған барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз! 🇰🇿






