
2025 жылдың 30 қыркүйек күні №4 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тоқсандық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары түсіндіріліп, күнделікті қызметте әдеп пен жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, нақты мысалдар келтіріліп, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдары талқыланды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Осындай іс-шаралар ұжым ішінде әділдік пен сенімділікті арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.



